"Борат" қазақты тағы мазақ қылайын деп тұр ма?

Тамыз 25, 2020 | 105 |

Қазақстанды жабайы және нәсілшілдікке бейім ел ретінде көрсетіп,  бүкіл әлемге масқара қылған британдық комик Саша Барон Коэн "Борат 2" фильміне түсіп жүр деген ақпарат тарап жатыр. АҚШ-тағы бірнеше ақпарат құралы Лос-Анджелесте "Борат 2" фильмі түсіріліп жатқан сияқты деген ақпарат таратты.

Newsweek журналының жазуынша, @alexandheir атты  TikTok қолданушысы жақында Саша Барон Коэннің "Борат 2" фильміне түсіп жүрген сәтін видеоға түсіріп алған.

Қысқа видеода Боратқа ұқсас қара мұртты сұр костюмдегі ер адам көлік жүргізіп бара жатыр, ал алдыңғы көліктегі түсірілім тобы оны түсіріп келеді. "Бірақ көлік рөліндегі адам Коэн бе, әлде каскадер бе, оны анық біле алмадық. Ал түсірілім тобы пандемияға байанысты маска тағып алған", – делінген Newsweek журналында.

IGN көңіл көтерушілік бағыттағы сайт "Борат 2" фильмі Лос-Анджелесте түсіріліп жатқан сияқты. Бораттың екінші фильмі жайлы ресми ақпарат әзірге жоқ деген мақалада да YouTube желісіне "Борат" түскен кадрлар салынғанына қарап комедия жалғасын табуы мүмкін делінеді.

"Борат 2" Лос-Анджелесте түсіріліп жатқандай, өйткені жақында оның кейіпкері түскен кадрлар YouTube-те пайда болды. "Борат" фильмі 2006 жылы комедия ретінде шыққан. Аудиториясын тапқан фильмді әлі күнге дейін айтып отыратындар бар, бірақ онда Қазақстаннан біреуді көрсету, әсіресе оны ұлты қазақ емес Саша Барон Коэннің қазақты ойнауы сынға ұшырады. Жаңа түсірілген кадрлаға қарағанда, Коэн кейіпкерін жаңа аудиторияға оралтпақ».

Бұл сайт та "Борат 2" түсіріліп жатқаны жайлы ресми мәлімет жоқ, бірақ видео Боратқа қатысы бар дүние екенін дәлелдейді деп жазады. "Бәлкім, бұл телевидение немесе YouTube-ке арналған дүние болуы мүмкін. Оны уақыт көрсетеді", – деп жазады.

Британық комик актер Саша Барон Коэн 2006 жылы фильм түсіріп, ансемиттік көзқарастағы қазақстандық тілшіні ойнаған. Ол өзін ойдан шығарылған кейіпкер екенін білмейтін американдықтармен кездесіп, олардан сұхбат алады.

Қазақстан билігі фильмге наразылық білдіріп, оны елде прокатқа шығаруға және сатуға тыйым салды. Тіпті "даңқты Қазақстанның атын шығару үшін АҚШ-қ аттанған" Боратты ойнаған Саша Барон Коэнді сотқа береміз деп есес көрсетті. Қазақстанның ресми тұлғалары фильм Қазақстанды жабайы, нәсілшіл және сексист ел ретінде көрсетеді деген болатын.

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: