42 500 теңгеге өтінішті жұмадан бастап беруге болады

Шілде 14, 2020 | 99 |

42 500 теңге әлеуметтік төлемді кімдер алады, оған қалай өтініш беру туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтып берді, хабарлайды e-gazet.kz.

Министрдің айтуынша, 42 500 теңге алдындағыдай тәртіппен төленеді.

"Карантинға қатысты шектеулердің салдарынан табыссыз, жалақысыз қалған жұмыс істеп жүрген азаматтардың осы шілде айында төменгі жалақы көлемінде, яғни 42 500 теңге бір мезгілдік көмек көрсету жөнінде шешім қабылданды. Көпшілікті соңғы мәселе қызықтырады. Бұл жолы 42 500 өткенде төтенше жағдайдағыдай қағидаттармен төленеді. Яғни, жұмвыс істеп жүріп, табысынан айырылған азаматтарға. Ол - жалдамалы қызметкерлер, жеке кәсіпкерлер, өз бетінше өзін жұмыспен қамтып жүрген азаматтар", - деді министр ОКҚ онлайн-брифингте.

 Екінші мәселе бойынша: "Бұл жолы да осы төлемнің операторы ретінде "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" белгіленді. Өткен жолы осы қордың қаржылық жаңдайы туралы қиын, шектеулі деп айтқанбыз. Дегенмен де бүгін шешім қабылданды. Сондықтан Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, осы бір аптаның ішінде сол әлеуметтік қордың қаржылай мәселесі шешілуі тиіс. Оған дейін алдағы 1-2 күнде ережені пысықтап бітіріп, мемлекеттік органдармен келісіп, Әділет министрлігінен өтіп, тіркеуіміз қажет. Және осы уақытта біз өзіміздің ақпараттық жүйемізді, яғни порталдарымызды сол ережеге сәйкестендіріп, тестілеуден өткіземіз. Сөйтіп қашан деген сұраққа біз осы күндері аянбай жұмыс істейміз. Біздің жоспарымыз - жұма күні бүкіл порталдар өтініш беруге ашық болады, яғни жұма күні. Ал дүйсенбі күннен бастап, яғни 20 шілдеден бастап төлемдерді тағайындауға кіріссек пе дейміз. Сондықтан жұмаға дейін Egov-қа басқа жерлерге өтініш беріп әуре болмаңыздар, жұма күні осы порталдарды ашамыз", - деп атап өтті Нұрымбетов.

Аталмыш Үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин карантиннің ұзартылуына байланысты тағайындалған 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік көмекті нақты кімдер алатынын айтты.

 

 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: