Алдағы үш тәулікте күн күрт суытады

Алдағы үш тәулікте Қазақстанға салқын антициклон келеді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
E-GAZET.KZ. «Қазақстанның көптеген өңірлеріндегі синоптикалық жағдай солтүстік-батыстан жақындап келетін суық антициклонмен анықталатын болады. Ол бұлтты өрістерді біртіндеп таратады, осыған байланысты түнде ауа температурасы минус мәндеріне дейін төмендейді деп күтілуде», - делінген 6-8 қазанға арналған дүйсенбіде таратылған хабарда.
Тек республиканың солтүстік және шығыс өңірлері ғана солтүстік циклон жырасының ықпалында болады. Мұнда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі, екпінді жел, көктайғақ, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман күтіледі.
Тағы да оқыңыз:
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!