Алма-Арасанда өрт шықты

Қазан 21, 2020 | 66 |

 Алматыдағы Алма-Арасан шатқалында өрт шықты.

E-GAZET.KZ.   Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 30 өрт сөндіруші қызыл жалынға оранған қарағай мен шыршаларды 3 сағатқа жуық өшірген. Оқиға орнына 14 техника тартылды. Тіпті қажет болған жағдайда өртті әуеден өшіру үшін тікұшақ әзірленді. Алайда әуе техникасының көмегі қажет болған жоқ. Департамент өкілдерінің мәліметінше, шатқалдағы орманның негізгі бөлігіне зақым келген жоқ.

Өзге де соңғы жаңалықтар Telegram желісінде, бізге жазыл! 

 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: