Алматы маңына блок-бекеттер қойыла ма: Сағынтаев жауап берді

Қараша 19, 2020 | 331 |

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев "Алматы" арнасына берген сұхбаты барысында оңтүстік астанада қаланың периметрі бойынша блок-бекеттер қойыла ма деген сауалға жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

E-GAZET.KZ. Шаһар басшысының сөзінше, блок-бекеттің қойылу, қойылмауы қазақстандықтардың тікелей өздеріне байланысты.

Егер маска режимі, әлеуметтік арақашықтық талабы сақталмаса, той өткізу жалғаса берсе, блок-бекеттердің қойылуы ғажап емес.

Сағынтаев талаптардың сақталауы тек қала тұрғындарына ғана емес, Алматы облысының тұрғындарына да қатысты екенін айтты. Себебі ол жақтан күнделікті қалаға мемлекеттік қызметкерлер, медицина қызметкерлері және өзге салада қызмет ететін жандар келеді.

Сондықтан оңтүстік астана әкімі қаланы қайтап жаппау үшін карантиндік шараларды сақтау аса маңызды екенін атап өтті. Оның сөзінше, егер талаптар орындалмаса, қала билігі блок-бекеттер қоюға мәжбүр болмақ.

Сонымен қатар Сағынтаев ауру көрсеткіші бойынша бүгінде Алматы "жасыл" және "сары" аймақтар арасында тұрғанын айтты.

Шаһар басшысының сөзінше, Алматыда қазан айының басында коронавирус жұқтырғандар саны өскені байқалған. 18 қарашадағы жағдай бойынша қалада COVID-19 анықталғандар саны 15 325 болған. Оның 9 251-інде ауру белгілері байқалса, 6074-і байқалмаған.

Сонымен бірге Сағынтаев науқастардың 30%-ға жуығының аға буын өкілдері екендігін де айта кетті. Осы орайда шенеунік қала тұрғындарын егде жастағы жақындарына жанашырлық танытуға шақырды.

"Жастар санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын сақтамай, адамдар көп шоғырланған жерлерге барып, вирусты үйге әкеледі, ата-аналары мен туыстарына жұқтырады. Сондықтан мен барлығының қырағылық пен сақтық танытуларын сұраймын", – дейді Бақытжан Сағынтаев.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: