Алматы ШОБ пен үкіметтік емес ұйымдар праймеризде көш бастап тұр

Бүгін бүкіл ел бойынша партияішілік праймериз кандидаттары үгіт-насихат жұмыстарына кірісті. Алматы қаласы бойынша үгіт-насихат жұмыстарына 230 үміткер қатысуда, оның ішінде 185 адам мәслихатқа, Мәжіліске 45 кандидат. Қаланың кейбір аудандарында бір депутаттық орынға 10-нан астам қатысушы үміткерлікте. «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуровтың айтуынша, қатысушылардың орташа жасы 42 жасты құрайды, оның ішінде әйелдер-81 (35,2%) 35 жасқа дейінгі жастар-72 (31,3%).
Қазіргі таңда Алматы қаласы шағын және орта бизнес субъектілері өкілдерінің саны бойынша көш бастап тұр. ШОБ секторы 53%-ды құрайды, бизнесте 122 праймериз қатысушы, ал үкіметтік емес ұйымдардан 33 адам өтінім берді, бұл 14,3% - ды құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары бастауыш партия ұйымдарының төрағаларымен ZOOM арқылы онлайн-кездесулер, ашық алаңдарда немесе санитариялық нормаларды қатаң сақтай отырып, желдетілетін бөлмелерде офлайн-кездесулер арқылы жүргізілетін болады. Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясы филиалдарының ресми аккаунттары арқылы тікелей эфир өткізіледі.
Бұдан бөлек, 14-30 қыркүйек аралығында Алматының әр ауданында праймериз қатысушылары пікірсайысқа қатысады. Ол үшін ашық түрде жеребе тастау және қатысушыларды бөлу жүргізіледі. Кезең 3 қазанға дейін жалғасады. Нәтижелер осы жылдың 5 қазанында белгілі болады.
Жеңімпаздар мәслихаттар мен Парламент депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерінде болады.