Алматыда жол бойында шахмат ойнаған пранкерлердің видеосы тарады

Алматыда Әл-Фараби даңғылының бойында шахмат ойнап отырған пранкерлердің видеосы тарады. Бостандық аудандық полиция басқармасының басшысы Ұлан Әбілқайыр Facebook желісіндегі парақшасында пранкерлер полицияға жеткізілгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
E-GAZET.KZ."Талқылау барысында блогерлердің пранк түсіріп, үстел қойып, онда шахмат ойнағаны, осылайша көлік қозғалысына кедергі келтіргені анықталды", - деді Әбілқайыр.
Үш пранкер (екі шахматшы және оператор) мынадай баптар бойынша жауапкершілікке тартылды: 606-бап ("Жол жүрісіне қатысушының авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан Жол жүрісі қағидаларын бұзуы"); 594-бап ("Жол қиылыстарынан немесе жолдың жүру бөлігін кесіп өту қағидаларын бұзу"); 615-бап ("Жаяу жүргіншілердің және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы"); 591-бап ("Көлік құралын басқару кезінде жүргізушінің телефонды не радиостанцияны пайдалануы").
МАЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!
БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!
Өзге де өзекті мақалалар:
- Қазақстанға Ресейден шошқа өнімдерін әкелуге тыйым салынды
- Кейінгі тәулікте қанша адамнан пневмония анықталды?
- Мұғалімдерге қырындаған мектеп директорының үстінен шағым түсті
- Қазақстанда 2021 жылдағы ең төменгі жалақы мен зейнетақы мөлшері белгіленді
- Жұртты енді COVID-19 вакцинасы құрамының қауіптілігімен қорқытып-үркіте бастады
- Көпбалалы ана 4 жасар қызын зорлағалы жатқан жерінен күйеуін ұстап алды
- Елімізде осы айдан бастап COVID-19-ға қарсы жалпы екпе салу басталады