Алматының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің «Алматы қаласында коронавирус инфекцияның алдын алу жөніндегі шаралар туралы» жаңа қаулысы жарияланды.
E-GAZET.KZ. Қаулыға сәйкес, мектепке дейінгі мекемелерде қосымша кезекші топтарды ашу және қала мектептерінде 1-ден 5-сыныпқа дейін қосымша кезекші сыныптарды ашу тоқтатылды.
Сауда объектілерінің (сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, сауда желілері, сауда үйлері) жұмыс күндері және демалыс, не мереке күндері сағат 23:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Сонымен қатар, азық–түлік дүкендері мен базарлардың қызметі жұмыс және мереке, демалыс күндері сағат 17:00-ге дейін толтырылуы 30%-дан аспайтын және бір келушіге 4 шаршы метрден кем емес болуы керек. Туризм объектілерінің жұмысы тестілеу режимінде белгіленген шектеу шараларын сақтай отырып жалғасады.
«Медеу» спорттық-сауықтыру орталығы мен «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортының қызметіне рұқсат. «Медеу» мұз айдынының әр сессияда 750 адамнан қабылдауына болады. Ал «Шымбұлақ» курортына келушілердің саны 30% -дан аспауы тиіс.
Көңіл көтеру мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік, түнгі клубтар мен ойын клубтары, боулинг орталықтары, балалар спорты мен ойын алаңдары, аттракциондар, батуттар және букмекерлік кеңселер мен лотереялық клубтардың) қызметіне тыйым салынады.
Банкет және басқа да шара өткізуге тыйым салынады.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!
БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!
Өзге де өзекті мақалалар:
- Пандемияға қарсы күреске 13 трлн доллар жұмсалған
- Курсанттың өлімінен кейін Алматыдағы ІІМ академиясының басшысы қызметінен босатылды
- Коронавирус Антарктидаға жетті
- Досым Сәтбаев: Путин жау іздеп жүр
- Трамптың Twitter-дегі аккаунты Байденге беріледі
- Месси «ешкім бұза алмаған» Пеленің рекордын жаңартты
- Белгілі психолог Жаңа жылға дейін жүзеге асыру керек істердің тізімін айтты
- COVID-19: Қазақстанда екпе егу ақпанда басталады
- Жеті облыс тұрғындарына алыс сапардан бас тартуға кеңес берілді
- Еуроодақ елдері коронавирустың жаңа түріне байланысты Ұлыбританиямен әуе қатынасын үзе бастады