Апалы-сіңлілі ұрылар ұсталды

Қыркүйек 16, 2020 | 61 |

Нұр-Сұлтанда дүкендерден жаппай ұрлық жасады деген күдікпен апалы-сіңлілі қыздар ұсталды, деп хабарлайды елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

21 және 23 жастағы жас қыздар 2016 жылы полицияның назарына іліккен болатын. «Анжела-Ангел» деген атпен қылмыстық ортада танымал болған үлкені бұрын алаяқтық үшін сотталған және бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Полицияда бойжеткен «ұсақ ұрлық жасаған», «алаяқ», «ұялы телефон ұрлаушы», «ұры» және «кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын ата-ана» санаттары бойынша есепте тұр. 2018 жылдан бастап «ұры» және «алаяқ» санаты бойынша полиция есебінде тұрған сіңлісі осы жылдың қаңтар айында сотталды.

Бірнеше рет ұрлық, ұсақ ұрлық және алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Алайда, қабылданған шараларға қарамастан, қыздар түзету жолына түскісі келмейді және қылмыс жасауды жалғастыруда. Полицейлердің мәліметінше, апалы-сіңлілер қаланың қоғамдық орындарында бірқатар ұрлық жасады деген күдікке ілінген. Қыздар жабық базарларда, сауда үйлерінде, сауда орталықтарында, сұлулық салондарында және т. б. жерлерде ұрлық жасаған. Мысалы, бір апта бұрын қыздар тұрмыстық тауарлар дүкеніндегі тағы бір ұрлық кезінде ұсталды. Полиция ұрыларды дүкендегі бейнекамераларды қарау арқылы анықтаған. Камерадан сіңлісінің өнімді байқатпай ұрлап жатқанын көруге болады. Ал әпкесі бұл уақытта оның әрекетін жасырып көмектескен. Анықталғандай, екі қыздың кенжесі жақында ғана сот залынан шыққан, бірақ соған қарамастан ол қайта қылмысқа барған. Қазіргі уақытта дүкендерден 5 ұрлық жасады деген күдікпен ұсталған біреуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. «Ұрлық» қылмыстық бабы бойынша тергеу жүргізілуде.

 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: