Бағдат Қожахметов: Өкпе қабынуынан емделгендер көп

Қыркүйек 18, 2020 | 59 |

 ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов өкпе қабынуынан емделген пациенттер санының күрт арту себебін түсіндірді.

E-GAZET.KZ. «14 қыркүйек күні coronavirus2020.kz сайтында коронавирус індетіне ұқсастығы бар өкпе қабынуынан жазылған 6 853 пациент туралы ақпарат жарияланды. Ал 15 қыркүйекте бұл цифр артып, емделіп шыққандар саны 26 335 адамға жетті. Бұл өсім 1-13 тамыз аралығында стационарда, сонымен қатар амбулаторлық деңгейде, үйде емделіп шыққан барлық пациенттердің мәліметін енгізуге байланысты орын алды», - деді Бағдат Қожахметов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: