Данияр Елеусінов рингке қашан шығады?

Қазан 07, 2020 | 140 |

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің (9-0, 5 КО) келесі жекпе-жегінің датасы анықталды.

E-GAZET.KZ.   «27 қараша, Флорида, Голливуд. «Хард Рок» казиносында бокс кеші өтеді. Құдай қаласа сол кеште мен де өнер көрсететін боламын», – деп жазды боксшы Instagram-дағы парақшасында. Қазақстандық спортшының кезекті айқасы туралы оның менеджері Зия Әлиев те Instagram-да анонс жасады. Мәлім болғандай, Данияр Елеусіновтің қарсыласы – WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша бірінші орта салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы, намибиялық Джулиус Индонго (23-2, 12 КО).

Бокс кеші Голливудтағы (АҚШ, штат Флорида) Seminole Hard Rock Hotel and Casino аренасында өтетіні бұған дейін хабарланған болатын. Айта кетейік, Елеусінов-Индиго жекпе-жегі сәуір айында ұйымдастырылуы тиіс еді. Алайда, пандемияға байланысты кейінге шегерілді. Данияр соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсанында өткізді. Ол америкалық Алан Санчесті (20-5-1, 10 КО) бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: