• Басты бет
  • Өзекті
  • Денсаулық сақтау министрі еліміздің қатаң карантинге қашан оралуы мүмкін екенін айтты

Денсаулық сақтау министрі еліміздің қатаң карантинге қашан оралуы мүмкін екенін айтты

Қазан 08, 2020 | 123 |

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирус инфекциясының дамуының үш сценарийін атап өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

E-GAZET.KZ. Оптимистік болжам бойынша, егер 100% маска режимі сақталып, адамдар әлеуметтік арақашықтық ережелерін естен шығармаған жағдайда қатаң карантин енгізудің қажеті болмайды. Бұл жағдайда қазан-желтоқсан айларында тіркелген аурулардың саны шамамен 40 мың адамды құрайды деп күтіледі, ал 15 мың адам ауруханаға жатқызуды қажет етеді.

Екінші жағдайда, нақты болжаммен маска режимі мен әлеуметтік қашықтықты ұстау 70% деңгейінде сақталса, онда қазан-желтоқсан айларында болжам бойынша аурулар саны 90 мың адамды құрайды. Ауруханаға жатқызуды 30 мың адам қажет етеді. Ондайда қатаң карантинге қаңтарда көшуіміз мүмкін.

Пессимистік болжамға келсек, егер маска режимі мен әлеуметтік қашықтықты ұстану 60% деңгейінде қамтамасыз етілсе, онда қазан-желтоқсан айларында тіркелген жағдайлардың саны шамамен 190 мың адамды құрайды. Ауруханаға жатқызуды 65 мың адам қажет етеді. Мұндайда карантин желтоқсан айының ортасында енгізіліп кетуі ғажап емес.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: