"Дос-туыстарды шақырмаңыздар". ДСМ қазақстандықтарға үндеу жасады

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов қазақстандықтарға Жаңа жылға байланысты үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
E-GAZET.KZ. "Құрметті қазақстандықтар! Біз вируспен қалай күресу керегін үйренсек те, алдын-алу шараларын, вирус әлі тарап жатқанын білеміз. Үлкен іс-шараларда жабық кеңістікте көп адам ұзақ уақыт бойы бірге болады, бұл коронавирус инфекциясының өршуіне себеп", - деді вице-министр ОКҚ-дағы онлайн-брифингте.
Жаңажылдық мерекелер қарсаңында вице-министр коронавирустың алдын-алу шараларын сақтауға шақырды:
- халық жаппай жиналатын жерлерге бармау;
- ұжымдық іс-шаралар, ертеңгіліктер, корпоративтер өткізбеу немесе оларға қатыспау;
- ағзаның салқындауына жол бермеу;
- қауіп-қатер тобындағы туыстар мен жақындарыңа қауіп төндірмеу, сөйлесіп, құттықтау үшін заманауи қашықтан байланыс құралдарын пайдалану.
"Жаңа жыл - отбасылық мереке. Сіздерді мерекені туыстар, достар мен таныстарсыз, тек бірге тұратын жақын адамдар ортасында қарсы алуға шақырамын. Құрметті қазақстандықтар, соңында тағы да назарларыңызды пандемия әлі жалғасып жатқанына, вирус жеңілмегеніне аударғым келеді, сондықтан әрбір адам жағдайға барынша жауапкершілікпен қарап, басқаларға және өзіне вирус жұқтырмау үшін бәрін жасау керек, міндетті түрде маска кию, әлеуметтік қашықтық және гигиена бойынша талаптарды сақтау қажет", - деді Шоранов.
Оның айтуынша, алдағы мерекелер эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына және коронавирус инфекциясының бақылаусыз өсуіне әкелмеуі керек. "Бұл сіз бен біздің әрекетімізге және алдын алу шараларын ұстануымызға тікелей байланысты", - деді бірінші вице-министр.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!
БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!
Өзге де өзекті мақалалар:
- Аймағамбетов әр тоқсан сайын студенттермен кездесу өткізетін болды
- Путинге коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасы салынады
- Ғалымдар коронавирусқа қарсы иммунитетті "бірден қалыптастыратын" әдіс тапты
- Головкин VS Канело: Үшінші жекпе-жек қашан өтеді?
- Алаяқтыққа барған аудан әкімі 5 жылға сотталды
- Желіде Сабина Алтынбекованың тойында түсірілген видео жарияланды
- Әлемде вирус жұқтырғандар саны 80 миллионнан асты
- Көлгіновтің Үкіметтен дәмесі бар ма?
- "Биылғы жылды әйел мәртебесінде аяқтаймын": Сабина Алтынбекова тұрмысқа шықты