Дүниежүзілік карантин қайта болуы мүмкін бе?

Сентябрь 14, 2020 | 71 |

ДДСҰ-ның бас директоры Тедрос Аданом Гебрейсус алда тағы да дүниежүзілік карантин қайталануы мүмкін екенін ескертті.

«Біз адамдардан айырылдық, экономика тығырыққа тірелді. Әлемдік экономика рецессия жағдайында. Еуропа аумағы да осындай жағдайда. Көптеген мемлекет пандемиядан қатты зардап шегіп жатыр.

Күнделікті ауру жұқтырғандар санының көрсеткіші наурыздағы кезеңмен салыстырғанда жоғары болып тұр. Өлім-жітім көрсеткіші төмен деңгейде. Алайда әр адамның өмірі – трагедия. Егер біз аурудың одан әрі таралмауына шектеу қоймасақ, өлім дерегі тіркеле береді. Карантинді қайта енгізудің қаупі сақталып отыр. Ол әлемдік экономика үшін өте ауыр болды», – деді Тедрос Аданом Гебреисус ДДҰ Еуропалық аймақтық бюросында өткен жиында.

Айта кетейік, әлемде коронавирус жұқтырғандан саны 29 милионға жетті. Соның ішінде 19,6 миллион науқас дертінен айықса, 924 мың адам қайтыс болды. Қазақстанда 106 855 адам COVID-19 жұқтырды. 100 627 науқас жазылды, 1 671 адам аурудан көз жұмды.

Поделиться ссылкой
О том, как поделиться

Мы в социальных сетях