Елдің екі ірі облыстарында карантин ұзартылды

Қараша 20, 2020 | 248 |

Шымкент және Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерлерінің жаңа қаулылары жарияланды. Бұл өңірлерде карантин ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

E-GAZET.KZ. «Алматы облысында карантинді жалғастыруды және кейбір шектеу шарасын енгізуді қаулы етемін. Карантин режимі мен мерзімдері COVID-19 таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін", - делінген Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдымановтың қаулысында

Жаңа қаулыға сәйкес, қоғамдық көліктің жұмысы 23.00-ге дейін ұзартылады. Бір отбасы мүшелерін қоспағанда, үш адамнан артық жүруге тыйым мен 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуына шектеу сақталады.

Атап айтқанда, мына жерлердің жұмысы бұрынғыша тоқтап тұр:

  • 50-ден аса отыратын орны бар қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (асхана, дәмхана,
  • кофе, мейрамханалардың және басқа да мекемелердің);
  • саны 15 адамға дейінгі кезекші топтарды қоспағанда, барлық мектепке дейінгі ұйым;
  • ойын-сауық объектілері (түнгі клубтар, көрмелер, бильярд және компьютерлік клубтар, балалар ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы батуттар және басқалар);
  • оқу-жаттығу сабақтарын қоспағанда, бассейндер;
  • ойын мекемелері, казино, құмар ойындар өткізілетін ғимараттар, үй-жайлар, құрылыстар.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: