Еліміздің тағы бір қаласында шектеу шаралары ұзартылды

Сентябрь 14, 2020 | 72 |

Шымкентте карантин шаралары қайта ұзартылды. Қаланың бас санитарлық дәрігері сәйкес қаулыға қол қойды деп хабарлайды e-gazet.kz

Құжатта ымкенттегі карантин режимін 14 қыркүйек сағат 00.00-ден 28 қыркүйек күні сағат 00.00-ге дейін ұзарту қарастырылған.

Көрсетілген кезеңде азық-түлік және азық-түліктік емес базарларға жұмыс күндері сағат 6-дан 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілген. Сондай-ақ белгілі бір талаптар сақталуы тиіс: нысанның сыйымдылығы 30 пайыздан аспауы, бір адамға арналған аумақ 4 шаршы метрден кем болмауы тиіс.

Демалыс күндері олардың қызметі тоқтатылады. Тек азық-түлік және киім-кешек саудаланатын ашық аспан астындағы базарларға сағат 6-дан 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат.

Жұмыс күндері алдын ала жазылу бойынша сағат 9-дан 21.00-ге дейін СПА-орталықтар, сұлулық салондары және шаштараздар жұмыс істей алады. Алайда, демалыс және мереке күндері олардың қызметі тоқтатылуы тиіс. Дәл осындай шарттармен монша және сауналардың жұмысына рұқсат берілген.

Қоғамдық көліктер аптасына алты күн сағат 7-ден 21.00-ге дейін жүреді. Жексенбі күні олардың қозғалысы тоқтатылады.

Поделиться ссылкой
О том, как поделиться

Мы в социальных сетях