Елордада карантиндік шектеу шаралары енгізілді

Октябрь 14, 2020 | 62 |

Елордада коронавирус жұқтыру қаупінің жоғарлауы мен науқастар санының артуына байланысты бүгіннен бастап карантиндік шектеу шаралары енгізілді.

E-GAZET.KZ. Жергілікті атқарушы органдар мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің кемінде 60%-і қашықтан жұмыс істеуге ауысады. Бұл жеке ұйымдарға да қатысты. Кафе, мейрамхана, бар және асхана секілді қоғамдық тамақтану нысандары таңғы 09:00-ден кешкі 22:00-ге дейін жұмыс істейді.

Бұл жерлерде 30 адамнан артық жиналуға болмайды. Нотариус, адвокаттық кеңселер, жылжымайтын мүлік, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, туроператорлар қызметі, азық-түліктен басқа заттар сататын бутиктер кешкі 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Монша, бассейндер жұмыс күндері кешкі 21:00-ге дейін, ал демалыста кешкі 19:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Жексенбіде қоғамдық көліктер жүрмейді. Полиция күнделікті рейдтерді күшейтеді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Поделиться ссылкой
О том, как поделиться

Мы в социальных сетях