Ер адамның өлі денесі табылды

Сентябрь 16, 2020 | 57 |

Оралда ер адамның денесі табылды, БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков мәлім еткендей, оқиға 15 қыркүйек күні таңғы сағат 07.00 шамасында болған.

Политехника және Чкалов көшелерінің қиылысынан өтіп бара жатқан кісілерден белгісіз ер адамның зорлық-зомбылық белгілері бар мәйітін көргені туралы хабар түскен. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жүргізген ауқымды жедел іздестіру шаралары барысында осы аса ауыр қылмысты жасаған күдікті ретінде 1982 жылғы ер адам анықталып, қолға түсті. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтардан қапы қалмас үшін telegram арнамызға жазыл!

Поделиться ссылкой
О том, как поделиться

Мы в социальных сетях