Ғалымдар коронавирусқа қарсы иммунитетті "бірден қалыптастыратын" әдіс тапты

Лондондағы Университет колледжінің ғалымдары коронавирусқа қарсы иммунитетті бірден қалыптастыратын препаратты зерттеп жатыр. Бұл туралы The Guardian басылымындағы мақалада айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
E-GAZET.KZ. Ұлыбританиялық мамандар Storm Chaser препаратын Оксфорд униветситетімен бірлесіп коронавирусқа вакцина әзірлеген AstraZeneca ағылшын-швед фармкомпаниясымен бірлесіп жасаған.
Жаңа дәрінің құрамында коронавирусқа қарсы антидене қоспасы бар. Ол екі кезең бойынша салынады. Зерттеушілердің сөзінше, мұндай коктейль бірден иммунитет қалыптастыруға мүмкіндік береді. Иммундық реакция бірнеше күннің ішінде қалыптасады деп болжанған.
Ғалымдардың айтуынша, зерттеу сәтті аяқталған жағдайда препарат ауруханадағы науқастар, қарттар үйіндегі адамдар және жатақханада тұратын студенттер арасында коронавирус тарауын тоқтады.
Мамандар препарат адамдарды коронавирустан 6-12 ай аралығына дейін қорғайтынын айтады. Бүгінде дәрі клиникалық зерттеудің І кезеңінде. Ол 10 еріктіге салынған.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!
БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!
Өзге де өзекті мақалалар:
- Головкин VS Канело: Үшінші жекпе-жек қашан өтеді?
- Алаяқтыққа барған аудан әкімі 5 жылға сотталды
- Желіде Сабина Алтынбекованың тойында түсірілген видео жарияланды
- Әлемде вирус жұқтырғандар саны 80 миллионнан асты
- Көлгіновтің Үкіметтен дәмесі бар ма?
- "Биылғы жылды әйел мәртебесінде аяқтаймын": Сабина Алтынбекова тұрмысқа шықты
- Мұрат Әбенов: «Ашулымын. Хабардағы «Большая Неделя» Никоновты ақтап алғысы келеді...»
- Елордада колледж студенттері екінші семестрден бастап аралас форматта оқиды