ІІМ қазақстандықтарға үндеу жасады

Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
E-GAZET.KZ. Министрлік мәліметінше, ведомство басшысы Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығына сәйкес, алдағы мерекелер қарсаңында Қазақстанның ішкі істер органдарының жеке құрамы күшейтілген қызмет түріне ауыстырылады.
"Полиция құқықтық тәртіпті, азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету, сондай-ақ құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша іс-шаралар кешенін жүргізеді.
Құқықбұзушылықтар туралы хабарламаларға жедел ден қою үшін мереке күндері полиция автопатрульдерінің, көшелердегі полиция жаяу нарядтарының саны артады. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдануда. Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін сертификатталмаған пиротехникалық өнімді сатуға жол бермеу мақсатында тексерулер жүргізіледі. Оларды пайдалану кезінде сақтық шараларын қатаң сақтау қажет", - делінген хабарламада.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!
БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!
Өзге де өзекті мақалалар:
- "Бұл жолы мәңгі бірге тұрамын": Айдарқұлов 2021 жылы үшінші әйел алатынын айтты
- Сенатор ауыл оқушыларын дәстүрлі білім алу форматына көшіруді ұсынды
- Гонконгта 6 миллиард долларға салынған суасты туннелі ашылды
- COVID-19: Қай уақытта елімізде екінші толқын басталды - ДСМ вице-министрі жауап берді
- Әблязов тағы 15 жылға сотталды
- Қазақстандықтар 2021 жылы қанша күн демалады?
- "Дос-туыстарды шақырмаңыздар". ДСМ қазақстандықтарға үндеу жасады