Kaspi.kz қазақстандықтардың шағымына жауап берді

Қазан 28, 2020 | 619 |

Бүгін, 28 қазан таңертеңнен бастап қазақстандықтар Kaspi.kz қосымшасындағы ақауларға шағымданып жатыр. Банк өкілдері осы жағдайға қатысты пікір білдірді.

E-GAZET.KZ.   Банктегілер мұның техникалық ақау екенін және тез уақытта ақауды жоятынын айтты.

«Өкініше қарай, Kaspi.kz қосымшасында техникалық ақаулар болып жатыр! Картамен төлеу, банкоматтарда картаға ақша салу немесе оны жіберу, сондай-ақ, ақша аударымдарын жасау уақытша мүмкін болмай тұр. Біз бұл ақауды тезірек жоюға тырысып жатырмыз. Кешірім сұраймыз», — деді Kaspi.kz өкілдері.

Айта кетейік, кей қазақстандықтар шотындағы ақшаның азайғанын айтса, тағы біреулері керісінше шоттағы ақшаның көбейгенін айтып жатыр.

Кейбір расталмаған ақпарат бойынша, Kaspi.kz қосымшасына кибер шабуыл жасалып, 79 миллион теңгедей ақша ұрланған.

Өзге де соңғы жаңалықтар Telegram желісінде, бізге жазыл! 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: