Қазақстан Қарашығанақ консорциумынан 1,3 миллиард доллар алды

Қазақстан Қарашығанақ консорциумынан өтемақы алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.
E-GAZET.KZ. "Энергетика министрлігі, ҚР Қаржы министрлігі және Өкілетті орган – PSA ЖШС арқылы әрекет еткен Қазақстан Республикасының Үкіметі, сондай-ақ Қарашығанақ жобасының акционерлері – Эни, Шелл, Шеврон, Лукойл компаниялары дауды шешуді аяқтау жөнінде келісімге қол қойды", - делінген хабарламада.
Осылайша консорциум Қазақстан Республикасына 1 миллиард 305 миллион АҚШ доллары көлемінде төлем жасады.
Сонымен қатар, тараптар өнім бөлудің түпкілікті әдістемесін келісті, нәтижесінде: Қазақстан 2037 жылға дейін қосымша 600 миллион АҚШ долларын алады (мұнай бағасы 1 баррель үшін 40-50 АҚШ доллары болған кезде).
Айта кетейік, Қарашығанақ жобасы Қазақстан Республикасының Үкіметі, Шелл, ЭНИ, Шеврон , Лукойл шетелдік компаниялар альянсы және ҚазМұнайГаз арасында жасалған өнімді бөлу туралы түпкілікті келісім шеңберінде іске асырылады.
2015 жылы Республика Консорциумның пайданы бөлуімен және әдістеме бойынша есептеулерімен келіспейтінін білдірген болатын. Осы коммерциялық келіспеушілік нәтижесінде Қазақстан өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімнің талаптарына сәйкес халықаралық төрелікке жүгінді. Төрелік процесі жүріп жатқан кезде Үкімет пен Консорциум өзара қолайлы шешім табу және келіспеушіліктерді шешу үшін келіссөздер жүргізіп жатқан еді.
МАЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!
БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!
Өзге де өзекті мақалалар:
- Башқұртстанда қоршаудан өтпек болған әйел адам қыстырылып, суықтан қатып өлген
- Қарағанды облысында жолаушылар автобусы аударылды
- РФ Мемлекеттік Думасы Никоновтың Қазақстанға қатысты айтқан сөзіне түсініктеме берді
- "Солтүстік Қазақстан - қазақ жері!". Ресей елшілігі қақпасына осындай жазуы бар плакат ілінді
- Казахстанцы оставляют сотни комментариев российскому депутату Никонову в Instagram
- Желіде қазақстандық жұлдыздардың төбелесі түсірілген видео тарап жатыр
- Індетке байланысты мектептер қайта жабылады
- Джо Байден мен Камала Харрис «Жыл адамы» атанды