Қазақстан-Қытай шекарасынан өтетін көліктер ұлғайтылды

Август 07, 2020 | 107 |

Қытай тарапы пандемия басталғаннан бері шекарада санитарлық бақылаудың күшейтілген шараларын енгізіп, көлікті күнделікті өткізу 20 бірлікке дейін қысқартқан болатын, деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі, хабарлайды baq.kz.

Бұл "Нұр жолы" өткізу пункті ауданында күрт топталып және Қазақстаннан Қытайға шығуға 1800 автокөлік құралдарының күнделікті кезегінің құрылуына әкелді. Топталу мәселесін шешу үшін бірқатар шаралар қабылданды, оның ішінде қытай тарапымен келіссөздер жүргізілді, оның нәтижелері бойынша қабылданатын көлік саны күніне 20 бастап 100 бірлікке дейін ұлғайтылды.

2020 жылғы 1 шілдеден бастап бұрын уақытша жабылған "Қалжат", "Бақты", "Майқапшағай" өткізу пункттері ашылды. Алайда тауарлар мен көлікті өткізу қытай тарапынан өткізу пункттерінің жабылуына байланысты жүзеге асырылмайды. Үкімет деңгейінде қытайлық тасымалдаушылардың кіруі және шекара маңындағы көлік-логистикалық орталықтарға тауарларды ауыстырып тиеу мүмкіндігі көзделген ҚХР-мен өткізу пункттерінің өткізу қабілетін ұлғайту жөніндегі іс-шаралар жоспары қабылданды. Қытайлық жүргізушілер енді визасыз режімде 24 сағатқа өткізу пунктінің аумағына кіре алады, - деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, Қытайға экспортқа өнімдерді өткізетін отандық экспорттаушылар үшін "жасыл дәліз" құрылды. Оларды өткізу кезектен тыс жүзеге асырылады. Осылайша, шекарада көліктің топталуын азайтуға бағытталған барлық мүмкін шаралар қабылданды, оның ішінде Үкіметтік деңгейде Қытай Мемлекеттік кеңесіне Қытаймен тауар айналымын ұлғайту жөніндегі ұсыныстармен үндеу жолданды.

Қытай тарапы тауарларды өткізудің жаңа тәртібін келіскеннен кейін шекара арқылы өткізілетін көлік санының күніне 200 бірлікке дейін артуы және тиісінше топталудың төмендеуі күтіледі. Алайда осы жылғы 20 шілдеден бастап Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында коронавирустық инфекцияның өршуіне байланысты қытай тарапы қазақстан тарапынан көлік қабылдауды күніне 10 бірлікке дейін қысқартты. Шекара арқылы бірінші кезекте қытай тарапына гуманитарлық жүктерге жіберілетін экспорттық тауарлар мен тасымалдаушылар, сондай-ақ тасымалдауға арналған келісім-шарттары бар тасымалдаушылар өткізіледі, - делінген хабарламада.

Кезек күтетін автокөлік құралдарының негізгі көпшілігінде тасымалдауға арналған келісім-шарттар жоқ және ҚХР тарапынан тапсырыс алу үмітімен Қытайға кіруді күтуде. Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейтінін және ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша тауарларды әкелу көлемінің 18%-ға артқанын атап өткен жөн.

Сонымен қатар, 2020 жылғы 30 шілдеде Қазақстанның мемлекеттік органдарының ШҰАА Халық Үкіметімен келіссөздері өтті. Аталған кездесуде қазақстандық тарап эпидемияға қарсы талаптарды қатаң сақтауды және физикалық байланыстың болмауын ескере отырып, Қазақстандық шекара маңындағы көлік-логистикалық орталықтарда қытай тауарларын қайта тиеу моделін таныстырды. Осы тармақ қытай тарапының қарауында тұрған хаттаманың тиісті жобасына енгізілген. Сондай-ақ, жергілікті деңгейде шекарадағы кезекті реттеу үшін мемлекеттік кірістер органдарының, шекара қызметінің және Алматы облысы әкімдігінің өкілдерінен тұратын жұмыс тобы құрылды, - деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Кезекті күтетін жүргізушілердің шамамен 80%-ы шекаралас елді мекендердің тұрғындары болып табылатынын ескере отырып, үш апта ішінде электрондық кезекті ұйымдастыру бойынша арнайы мобильді қосымша әзірленеді және жүргізушілер үйден онлайн режимде кезекті бақылай алады.

Поделиться ссылкой
О том, как поделиться

Мы в социальных сетях