Коронавирус жұқтырған оқушылар саны жүзден асқан

Жаңа оқу жылы басталғалы бері елімізде 104 оқушы коронавирус жұқтырған. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.
E-GAZET.KZ. «Оқу жылы басталғалы бері оқушылар арасында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 104 жағдайы тіркелді. Оның 33-і – кезекші сыныптарда оқитын балалар. Олармен қарым-қатынаста болған 550 адам анықталып, оның ішінде 7 адамнан коронавирус анықталды. 71 бала – қашықтан оқып жүріп жұқтырып алған оқушылар. Олармен қарым-қатынаста болған 240 адам анықталып, ішінен 15 адамның індетті жұқтырғаны белгілі болды», - деді министр. Еске сала кетейік, бұған дейін Алексей Цой қазан айынан бастап басқа елдермен қосымша әуе қатынастарын жандандыруды тоқтата тұру қажеттігін айтқан болатын. Сондай-ақ, министр бүгінге дейін әуе қатынастары ретке келтірілген елдермен әуе рейстерін арттырмауды, одан бөлек Түркия Республикасына рейстер санын азайтуды ұсынды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!