Қазақстанда тағы бір облыс "қызыл аймаққа" енді

Қазақстанда тағы бір облыс "қызыл аймаққа" енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
E-GAZET.KZ. Премьер-министр Асқар Мамин ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысын өткізді.
Сонымен қатар барлық өңірде COVID-19-бен ауыру жағдайларының артқаны байқалады.
Дереккөз мәліметінше, вирустың репродуктив индексі республика бойынша – 1,2, инфекциялық төсек орындарының толтырылуы - 21 пайыз, реанимациялық төсек орындарының жүктемелігі - 17 пайыз.
Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары - қызыл аймақта, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары - сары аймақта.
Денсаулық сақтау министрлігіне:
Барлық медициналық қызметтердің орталық және өңірлік деңгейде сырқаттанушылықтың ықтимал өсу жағдайына толық дайындығын қамтамасыз ету;
Халықпен шектеу шараларын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізу;
Шекара қызметімен, өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, шетелдіктерге Қазақстанға кіру үшін берілетін денсаулық сақтау ұйымдарының шақыру құжаттарына бақылауды күшейту;
Әділет министрлігімен, әкімдіктермен бірлесіп, ҚР аумағында емделу үшін шетел азаматтарына шақыру беруге уәкілетті, өңірлердегі денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесін айқындау тапсырылды.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!
БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!
Өзге де өзекті мақалалар:
- · Мамин зейнет жасын 60 жасқа дейін төмендету туралы ұсынысқа жауап берді
- · 15 қарашадан бастап Алматы карантинге жабыла ма?
- · Мелания Трамп күйеуімен қашан ажырасатыны белгілі болды
- · Нұр-Сұлтанда селфи жасамақ болған жігіт көпірден құлап кетті
- · Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 50 миллионнан асып кетті
- · БАӘ-де алкоголь ішуге және некесіз жұп болып тұруға рұқсат етілді
- · Қазақстанда соңғы тәулікте неше адамнан коронавирус анықталғаны белгілі болды
- · Бүгіннен бастап еліміздің бірқатар өңірінде карантиндік шектеулер күшейеді
- · Елдің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды