Комаровский коронавирусты жұқтырып алмаудың ең тиімді әдісін атады

Атақты педиатр және тележүргізуші Евгений Комаровский коронавирусты жұқтырмаудың тиімді әдісі туралы айтты деп хабарлайды ren.tv.
E-GAZET.KZ. Жоғары санатты дәрігер, жазушы және тележүргізуші өзінің YouTube-тегі каналында ешқандай дәрі-дәрмектер жаңа вирусты жұқтырмауға 100% кепілдік бере алмайтынын атап өтті.
"Өкінішке қарай, бір ғана жолмен ауырып қалудың алдын алуға болады, бұл - вакцинация деп аталады. Не себепті, "өкінішке қарай" деп отырмын - себебі, әзірге бәрімізге қолжетімді сенімді әрі қауіпсіз вакцина жоқ", - деп түсіндірді ол.
Сондай-ақ, дәрігердің пікірінше, коронавирусты жұқтыру ықтималдығы екі факторға байланысты: науқас адаммен байланысқа түскен кезде вирустың қаншалықты сізге еніп үлгергендігі, сондай-ақ науқаспен байланыс кезіндегі адам иммунитетінің деңгейі.
Комаровский коронавирус өршіген уақытта денеде ылғалдың жетіспеушілігін сезінбеу маңызды екенін алға тартты. Ол дертті жұқтырудың алдын алу жолында ауыз бен мұрынның шырышты қабығын тұзды сумен шайып, бөлмелердегі ауаны ылғалдандырып отыруға кеңес берді.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!
БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!
Өзге де өзекті мақалалар:
- Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
- GGG-дің жекпе-жекке шығатын күні белгіленді
- Қазақстан коронавируспен күресу үшін 1,5 млрд еуро қарыз алмақ
- Сағынтаев Алматының экологиялық ахуалы туралы айтты
- Суши жеген бес жасар қыз көз жұмды
- Илон Маск Билл Гейтсті басып озып, әлемдегі ең бай адамдар тізімінде 2-орынға көтерілді
- Ақмолада әкімдік жүргізушісі оқушының өліміне себеп болды
- "Үшінші толқыны болуы мүмкін": ДДСҰ маңызды мәлімдеме жасады
- Тағы да 42 500 теңге төленіп жатқаны рас па?
- Желтоқсанда қазақстандықтар қанша күн демалады?