Коронавирусқа қарсы бүкіләлемдік вакцинация қашан басталады - иммунолог жауап берді

С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ иммунология кафедрасының меңгерушісі Эльмира Битанова онлайн брифинг барысында коронавирусқа қарсы вакцинация туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
E-GAZET.KZ. Маманның айтуынша, инфекциямен күрестің басты тәсілі - вакцинация болып отыр.
«Коронавирус үнемі болған. Ғалымдар бұл вирустың бірнеше түрін біледі. Бірақ вируспен көбіне жануарлар - ит-мысықтар, құстар ауыратын. Қазір адамдарға жұғатын коронавирустың бірнеше түрі белгілі. Оның бірі - өткір респираторлық SARS инфекциясы мен таяу шығыстық MERS инфекциясы. Пандемия басталғанда MERS пен SARS вакцина негізі болған. Қазір барлық ғылыми орталықтар сол негізге арқа сүйей отырып, коронавирус вакцинасын ойластырып жатыр»,- деді ол.
Қазір әлемде коронавирусқа қарсы барлық жаһандық ғылыми орталықтар күш біріктіріп жатыр. Оның ішінде ДДСҰ мен БҰҰ басты рөл ойнайды.
«Бұл ұйымдар арнайы қор құрды. Бұл қор 40 вакцинаны жүргізеді. 2021 жылдың ортасына таман бүкіләлемдік вакцинация басталады. Ары кеткенде келер жылдың соңына дейін вакцинация аяқталуы тиіс. Оның ішінде 40 мемлекетке вакцина тегін жеткізіледі. ДДСҰ таратқан ақпаратқа сенсек, Қазақстан бұл елдер қатарына кірмейді. Біз өзіміз вакцина сатып аламыз. Мүмкін халықаралық көмек көрсетілер», - деді ол.
Ең бастысы, вакцина - қауіпсіз әрі тиімді.
Маманның айтуынша, халықаралық тәжірибеге сәйкес 1 вакцинаны ойлап табу үшін 10-15 жыл уақыт кетеді.
«Бізде қазір ондай уақыт жоқ. Қазір әлемнің ғылыми орталықтары тығыз уақытта алдыңғы жасалған вакцина негіздеріне арқа сүйей отырып жаңа база жасап жатыр», - деді ол.
Иммунологтың айтуынша, кей елдерде вакцина ойлап табылды. Қазір олар ерікті адамдарға салынып, клиникалық сынақтан өтіп жатыр.
«Вакцина қандай болса да, онда тірі вирус болмайды. Тірі вакцина - полиомелит вакцинасы. Бұл - өте тиімді вакцина. Алайда, көптеген көшбасшы компаниялар тірі вакцина жасаумен айналыспайды. Коронавирус вакцинасы жасанды болары ықтимал. Бұл материалда қоздырғыш антигенінің ақпараты ғана болады. Әлсіз қоздырғыштар болмайды. Яғни, адамдарға вирус жұқпайды. Бұл - өте қуанышты жайт», - деді ол.
Эльмира Битанова тексерілмеген вакцина еш жерде пайдаланылмайтынын айтты.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!
БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!
Өзге де өзекті мақалалар:
- Ақтөбеде 15 жастағы қызбен интимдік қатынасқа түскен бозбалаға сот үкімі шықты
- Сағынтаев Алматының экологиялық ахуалы туралы айтты
- Суши жеген бес жасар қыз көз жұмды
- Илон Маск Билл Гейтсті басып озып, әлемдегі ең бай адамдар тізімінде 2-орынға көтерілді
- Ақмолада әкімдік жүргізушісі оқушының өліміне себеп болды
- "Үшінші толқыны болуы мүмкін": ДДСҰ маңызды мәлімдеме жасады
- Тағы да 42 500 теңге төленіп жатқаны рас па?
- Желтоқсанда қазақстандықтар қанша күн демалады?
- Трамптың жеңілісін дөп болжаған экстрасенс COVID-19 қашан аяқталатынын айтты
- Қарағандыда 13 жасар бала тоғызыншы қабаттан секіріп, қайтыс болды
- Елімізде жұмысынан шығып қалған 82 мың адам жәрдемақы алды
- ШҚО: Қызметкерлер бас дәрігерге қарсы шықты
- Өзбекстан коронавирустан қорғанудың жаңа технологиясын ойлап тапты