Коронавирусқа шалдыққан 30 науқастың жағдайы аса ауыр

Желтоқсан 01, 2020 | 213 |

Қазақстанда 13 444 науқас коронавирустан емделуін жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

E-GAZET.KZ.  1 желтоқсандағы мәліметке сәйкес, қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 13 444 адам ем қабылдауын жалғастырып жатыр. Олардың арасында 912 бала бар.

«Стационарларда 3 586 науқас жатыр. 9 858 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 232 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 30 науқастың халі аса қатты ауыр деп бағалануда. 31 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», - делінген ақпаратта.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: