• Басты бет
  • Өзекті
  • Министрлік Қазақстандағы карантиндік жеңілдіктерге түсінік берді

Министрлік Қазақстандағы карантиндік жеңілдіктерге түсінік берді

Қыркүйек 18, 2020 | 169 |

ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқарма басшысы Роза Қожапова ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің № 53 қаулысына түсінік берді, деп хабарлайды e-gazet.kz

«16 қыркүйекте ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің № 53 қаулысына қол қойылды. Оған сәйкес тиісті жеңілдіктер енгізілді. Балалар кабинеттерінде, түзету орталықтарында білім беру топтары 5-тен 15 адамға дейін ұлғайтылды. Мемлекеттік органдарда, ұлттық компанияларда және өзге де ұйымдарда, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінде қызметкерлердің кемінде 50 пайызы қашықтан жұмыс істеу нысанында болуы тиіс», - деді Р. Қожапова Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның сөзіне қарағанда, ашық ауада және ұжымдық іс-шараларды өткізбей, залда 50-ден аспайтын орын санымен қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс істеуіне рұқсат берілді.

 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: