Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.
E-GAZET.KZ. Елбасы барлық қазақстандыққа алғыс білдірді.
"Құрметті отандастар!
Баршаңызды еліміздің ең ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Біз 29 жыл бұрын ата-бабамыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындап, тәуелсіздікке қол жеткіздік.
Әлем қартасына Қазақстан атын ойып жаздық.
Сол сәттен еліміздің жаңа тарихы басталды.
Осы жылдар ішінде мемлекетіміз айтарлықтай өсіп-өркендеді, айтулы жетістіктерге жетті.
Біз елдігіміз бен егемендігімізді нығайтып, шекарамызды бекіттік.
Бәсекеге қабілетті нарықтық экономикаға көшіп, мемлекетімізді аяққа нық тұрғыздық.
Қазақстан әлем мойындаған іргелі елге айналды.
Еуразия жүрегінде жаңа астанамызды салдық.
Біз елімізде тұрақтылықты, қоғамымызда татулық пен келісімді сақтай отырып, көп ұлтты халқымызды бәсі бөлек артықшылыққа айналдырдық.
Тәуелсіздікті алып, оны дүниеге паш ету бір бөлек, ал сол тәуелсіздікті сақтап қалу одан да зор міндет.
Біз осы жылдар ішінде бұрынғы Кеңес одағы құлаған тұста дүниедегі ең үлкен экономикалық дағдарысты артқа тастап, қазіргі жаһандық пандемияны да еңсеріп отырмыз.
Басымызға түскен сынақтар бізді шыңдап, рухымызды күшейтіп, жігерімізді арттырды, ортақ мақсатқа жұмылуымызға түрткі болды.
Қазақстанның даму мен өркендеу жолында үнемі алға басуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасап, берік негіз қалыптастырдық.
Тәуелсіздікпен бірге сан ғасырлық тарихымыз, төл мәдениетіміз бен ата дәстүріміз қайта түледі.
Біз Алтайдан Атырауға, Алатаудан Арқаға дейінгі ұлан-ғайыр атырапты мекендеген баһадүр бабалардың ұрпағымыз.
Үстірт пен Қарт Каспийдің жағасын, Сыр мен Ертістің арасын алып жатқан байтақ даланың заңды мұрагеріміз.
Бұл – ата-бабамыздың аманаты.
Осыны ешқашан ұмытпауымыз керек.
Бабадан мирас болған қастерлі жерімізді көздің қарашығындай сақтау, тәуелсіздігімізді баянды ету, еліміздің жарқын болашағы үшін қызмет ету – бәріміздің асыл борышымыз", - деді Елбасы.
МАЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!
БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!
Өзге де өзекті мақалалар:
- Трамп Тоқаевқа жеделхат жолдады
- РФМД депутаты: Ресей Қазақстаннан жерді беруді талап етуі керек
- Тоқаев келесі жылдың басында жарияланатын жаңа реформалар туралы айтты
- Жастарға жағымпаздықты үйреттік. Ертең билікке популист балалар келеді
- Қазақстан Қарашығанақ консорциумынан 1,3 миллиард доллар алды
- Башқұртстанда қоршаудан өтпек болған әйел адам қыстырылып, суықтан қатып өлген
- Қарағанды облысында жолаушылар автобусы аударылды
- РФ Мемлекеттік Думасы Никоновтың Қазақстанға қатысты айтқан сөзіне түсініктеме берді
- "Солтүстік Қазақстан - қазақ жері!". Ресей елшілігі қақпасына осындай жазуы бар плакат ілінді