Нұр-Сұлтан қаласы "қызыл" аймаққа қайта оралуы мүмкін

Желтоқсан 22, 2020 | 231 |

Нұр-Сұлтан қаласы коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша "қызыл" аймақтың шекарасына таяп тұр, деп хабарлайды zakon.kz.

E-GAZET.KZ.  Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, 22 желтоқсанда Атырау облысы ғана "қызыл" аймақта орналасқан. Елорда "сары" аймақта дегенмен, соңғы күндері мұнда КВИ жұқтырушылар саны артып барады.

Сондай-ақ "сары" аймақта Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.

Одан өзге еліміздің басқа өңірлері "жасыл" аймақта деп саналады.

Елорда 10 желтоқсанда "қызыл" аймаққа енген. 18 желтоқсанда COVID-19 көрсеткіші бойынша Нұр-Сұлтан "жасыл" аймаққа оралған еді.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: