Олимпиада ойындары тағы да кейінге шегерілуі мүмкін

Жапондықтар 2021 жылы Токиода өтетін Олимпиадаға наразылық білдірді. Телефон арқылы жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижесі елде бұл идеяға қарсылық білдіргендер қарасы қолдағандардан гөрі көп, деп хабарлайды NHK арнасы.
E-GAZET.KZ. Спорттық жарыстың өткізілуін қолдайтындар қатары 27 процентті қамтыса, қарсылық білдіргендер саны шамамен 32 процент, ал қалған 31 процентті қамтитын бөлік ойындарды тағы да кейінге шегеруді жөн санайды. Желтоқсанда жүргізілген дәл осындай сауалнамада жапондықтардың басым бөлігі Олимпиаданың өткенін қалаған. Мұндай шешімді 40 проценттей халық қолдаған. Аталған сауалнаманы телеарна 11 және 13 желтоқсан аралығында жасы 18-ден асқан 2100 адам арасында жүргізген. Сонымен қатар елде коронавирустың жаңа типі өршіп жатқаны да хабарланды. 14 желтоқсан, дүйсенбі күні, 1600-ден астам жаңа жұқтыру жағдайы тіркелді. Жалпы жұқтырғандар саны 183 мыңды құраса, оның 2600 жағдайы өліммен аяқталған. 2020 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының пандемия салдарынан 2021 жылға шегерілетіні туралы 24 наурызда белгілі болды. Ойын комитетінің ұйымдастырушы директоры Харуюки Такахаси осылайша Олимпиада ойындарын тағы да кейінге шегеруді дұрыс деп тапты. Соған қарамастан, ол Олимпиада ойындарын ұйымдастырмай қалдыруға болмайтынын да мәлімдеді. Өйткені бұл шешім Жапония және әлем экономикасына өте ауыр соққы болмақ.
МАЫЗДЫ АҚПАРАТТРДАН ҚҰР ҚАЛМА!
БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!
Өзге де өзекті мақалалар:
- Ұлыбританияда Шымкент туралы кітап жарыққа шықты
- "Қызыл" аймақтағы Нұр-Сұлтанға қатысты бас санитарлық дәрігер мәлімдеме жасады
- Алматы тауларында табылған ер адам қайтыс болды
- "Сәбиімді баласы жоқ қайынағам тартып алды". Желідегі жазба бойынша тексеріс жүргізілді
- Дәрігер коронавирусқа қарсы екпені неге 2 рет салу керегін айтты
- АҚШ-та коронавирусқа қарсы екпе салу науқаны басталды
- Маңғыстау облысында жүріп келе жатқан пойыз жарылды
- Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жасады
- Трамп Тоқаевқа жеделхат жолдады
- РФМД депутаты: Ресей Қазақстаннан жерді беруді талап етуі керек
- Тоқаев келесі жылдың басында жарияланатын жаңа реформалар туралы айтты
- Жастарға жағымпаздықты үйреттік. Ертең билікке популист балалар келеді