"Осы бізге кит-мит, мата-сатаны қоюға болмай ма?" - Жазира Байрбекова

Қазақстандық жұлдыз Жазира Байрбекова өзінің инстаграм парақшасында салт-дәстүрге қатысты наразылығы туралы жазды.
Жұлдыздың сөзіне сүйенсек, қазақтың қыз ұзату, құдалық секілді кішігірім той-жиындарындағы шығын көп. Қыз жақтың алып келген дүниесін елдің алдында көрсету де әбестік деп санайды.
"Қыздың артынан әкелген қалың мал суммасын қыздың өз шаңырағындағылар ғана білсе болмай ма? Көпшілік алдында хабарлау міндетті түрде керек пе?
Ең ұнамайтын жері Құдалардың алып келген дүниесін ортаға шығарып көрсету.Қыздың артынан келген дүниелерді ақтарып ыдыс аяқ,көрпе-жастық,іш киімдеріне дейін көрсету шынымен біздің дәстүріміз ба?!", - деп жазды жұлдыз.
Әншінің айтуы бойнша, екі жақ бір-біріне өз шамасына қарай сыйлық бергені жеткілікті. Материалдық деңгейі әртүрлі ғашықтарды бір-бірінен айыратын да осындай кәделер.