Педофилды ұстаған кім?

Шілде 27, 2020 | 221 |

Педофилді ұстаған полиция қызметкерін ел Президенті “Айбын” орденімен марапаттады , – деп хабарлайды Polisia.kz. Алматыда педофилді ұстаған полиция майоры Бақытжан Бәкіров ҚР Президентінің Жарлығымен ІІ дәрежелі “Айбын” орденімен марапатталды.

"Қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Ішкі істер министрлігі Алматы қаласы полиция департаменті Түрксіб аудандық полиция басқармасының жедел уәкілі Бақытжан Әнуарбекұлы Бәкіров II дәрежелі “Айбын” орденімен марапатталсын", – делінген Жарлық мәтінінде.

Айта кетейік, Бақытжан Бәкіров полицейден қашып құтылмақ болған қылмыскердің соңынан 13 қабаттың терезесінен секірген еді. Екі қабаттан төмендеу жердегі алаңқайға түскен құқық қорғау органының қызметкері табанын тайдырып алған болатын. Соған қарамастан, ол қылмыскерді қолынан бұрап, қасындағы әріптесі келгенше жібермей ұстап отырған. Ұсталған күдікті кәмелетке толмаған жасөспірімді тонау және зорлау фактісі бойынша айыпталуда. Алматы қаласының полициясы оны төрт күн бойы іздестіріп келген. Полиция майоры Бақытжан Бәкіровтің аяғына үш рет операция жасалды. Дәрігерлер оны көп ұзамай жұмысқа оралып, тағы да көптеген қылмыскерді ұстайтынына сендірді. Полиция қызметкері жұбайымен алты бала тәрбиелеп отырған көп балалы әке.

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: