ПРАЙМЕРИЗ САЯСИ ЖҮЙЕНІ ӨЗГЕРТЕ МЕ?

Тамыз 19, 2020 | 191 |

Праймериз саяси жүйені өзгерте ме? Бұл сауалға алдын ала жауап беру ертерек секілді. Себебі, партия ішіндегі іріктеуге нақты қандай тұлғалардың өтетіні әзірге беймәлім. Бұл сұраққа Мәжіліс пен мәслихатқа жаңа белсенді тұлғалар сайланған соң оралған дұрыс.

Дегенмен, праймериз саяси жүйені дамыта ма деген сұраққа жауап іздеуге болады. Ия, 30 жылға жуық уақытта талай саяси реформаны бастан өткердік. Бірақ, праймериз ел тарихында ең алғаш рет болғалы тұрған бастама. Қазір қоғамның проблемасын айтып жүрген саяси сауаты бар белсенділер аз емес. Солардың басым көпшілігі осы партия ішіндегі іріктеуге қатысуға өтініш білдіруде. Демек, проблеманы айтып ғана қоймай, оны тиімді шешу жолдарын білетін белсенділер Мәжіліс пен мәслихаттарға сайланса, онда шынымен саяси жүйеде серпін болуы ықтимал. Ең бастысы праймериздің әділ әрі ашық етуін қамтамасыз ету керек. Халық өз таңдауын жасайды!

Ал енді праймериз туралы қысқаша түсініктеме. Бұл АҚШ-та алғаш рет осыдан 178 жыл бұрын өткен саяси науқан. Партия ішіндегі іріктеу, саясат сахнасына су жаңа белсенділерді таңдау деген мағынаны білдіреді.

Біздің елімізде қордаланған проблема аз емес. Оны шешуге кейбір жерлерде отырған депутаттардың қауқары немесе өресі жетпейді. Қоғамның талабы күннен күнге өсіп келе жатыр. Осының барлығын есепке ала отырып билік партиясы өз ішінде іріктеу жасауға қадам жасады. Бұл-демократиялық дамуды ілгерілетудің ізгі қадамы іспетті.

Қазақстанда проймериз өткізу процесі тамыздың 17-нен бастап қазанның 3-не дейін жалғасады. Қазір кандидаттарды тіркеу жүріп жатыр. Бұл додаға қазақстанның кез-келген азаматы қатыса алады. Өтініш беру үшін партия тізімінде болу шарт емес. 

Айта кетерлігі, қарапайым азаматтар тарапынан саяси додаға қатысуға өтініштер өте көп түсіп жатыр. Праймериз жарияланған алғашқы күні 1000-нан астам өтініш қабылданған. Олардың арасында 336 әйел, оның ішінде 20 көпбалалы ана бар. Билік партиясының атынан ұсынылған адамдарды есепке алмағанның сыртында, 717 азамат өзін-өзі ұсынған. Тағы да ескертейін, бұл тек бірінші күннің нәтижесі. Егер күніне мыңнан астам адам өтініш беретін болса, онда бәсекенің қай деңгейде болатынын елестете беріңіз!

Ақпарат үшін: Праймеризге қатысуға сілтеме арқылы немесе аумақтық ұйымдастыру комитеттеріне жеке өтініш беруге мүмкіндігіңіз бар. Ескеретін жәйт, кандидаттарды ұсыну және тіркеу 28-ші тамызға дейін жалғасады. Үміткерлерге үгіт-насихат жұмыстарына дайындалу үшін 7 күн беріледі - 31 тамыздан 6 қыркүйекке дейін.7 қыркүйектен 3 қазанға дейін аралықта кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстарын, оның ішінде 14-30 қыркүйек аралығында жария пікірсайыстар өтеді. Пікірсайыстар «Праймериз» арнайы ақпараттық жүйесі арқылы өтіп, партияның ресми аккаунттарында таратылады.1 қазан (00-00) мен 3 қазан (14.00) аралығында мобильді қосымша және арнайы веб-портал арқылы электронды дауыс беруді өткізу жоспарланып отыр.Дауыс берудің соңғы күні (3 қазан) бастауыш партия ұйымдарының базасында сайлау учаскелері ашылады. Интернет жоқ елді мекендерде осындай сайлау учаскелеріне келіп, қағаз бюллетеньдер арқылы дауыс беруге болады.Үміткерлердің рейтингі көрсетілген праймериз нәтижелері 5 қазанда жарияланады.

Егер ел тағдырына бей-жай қарамайтын белсенді тұлға болсаңыз онда праймеризге қатысу парызыңыз!!!

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: