СҚО-да қалаға кіреберісте төрт блокбекет қойылды

Қазан 10, 2020 | 184 |

Солтүстік Қазақстан облысындағы Булаев қаласы 9 қазаннан бастап қатаң карантинге жабылды, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы. 

E-GAZET.KZ.   Телеарна мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысының Ресеймен шекарада орналасқан Мағжан Жұмабаев ауданында коронавирус індетін жұқтырғындар көбейіп барады.

Соңғы екі аптада мұнда 24 адамнан COVID-19 анықталған екен. Оның 15-і осы Булаев қаласының тұрғыны. Сондықтан аудан ортылығы карантинге жабылған. Инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында қалада төрт блокбекет қойылып, полиция қызметкерлері тәуліктік кезекшілікке көшті.

"Шекарада біздің бір қызметкеріміз тұр. Солар ана жақтан тізімді дайындайды да, біздің кезекші бөлімге звондап айтады. Осы жерден батальон шығады. Қарсы алады да оларды провизорлық орталыққа апарып жатқызамыз. Екі күнге дейін анализдері дайын болғанша", - дейді Мағжан Жұмабаев аудандық полиция бөлімінің басшысы Қайрат Бимендин. 

Транзиттік және азық түлік тасымалдаушылардан басқа көліктерге қалаға кіріп-шығуға рұқсат жоқ. Жолаушылар тасымалы тоқтады. Ал кәмелет жасына толмағандардың кешкі 19:00-ден кейін жалғыз жүруіне тыйым салынды. 65-тен асқандар оқшаулану режимін ұстануы шарт. Ал аумағы 500 шаршы метрден асатын кәсіпкерлік нысандардың жұмысы 16:00-ге дейін қысқартылды. Қазір жағдай мамандардың қатаң бақылауында.

"Эпедемиологиялық зерттеу жүргізіліп жатыр. Байланысты болған адамдар тексерілді. Ауырған адамдар емделіп жатыр. Балабақша, мектептерде кезекті топтар жұмысын жалғастырады. Тамақтану нысандары сағат 20:00-ге дейін істейді", - дейді облыстық тауарлар және қызыметтер сапасын бақылау департаментінің бөлім басшысы Самат Барменбаев. 

Әзірге шектеу шараларының қашанға дейін жалғасатыны белгісіз. 

Өзге де соңғы жаңалықтар Telegram желісінде, бізге жазыл! 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: