СҚО-дағы қаланың карантинге не үшін жабылғаны белгілі болды

Октябрь 09, 2020 | 59 |

9 қазаннан бастап Солтүстік Қазақстан облысындағы Булаево қаласы карантинге жабылды. Өңірдегі Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаменті мұның себебін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

E-GAZET.KZ.   Соңғы екі аптада Мағжан Жұмабаев ауданында коронавирусты жұқтырған 24 адам анықталды, оның 15-і аудан орталығы - Булаево қаласынан шықты.

СҚО ТҚСҚБД баспасөз қызметі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы аймақтық комиссия отырысының хаттамасына сәйкес, карантиндік режим коронавирус инфекциясы ауылдық елді-мекендерде 3-5 немесе одан да көп адам анықталғанда, облыс орталықтарында 7 және одан көп факті тіркелгенде енгізілетіндігін ескертті.

Алдында 2020 жылдың 9 қазанынан бастап еліміздің солтүстігіндегі Булаево қаласында коронавирус инфекциясының жаппай таралуының алдын алу үшін көктемдегідей қатаң шектеудегі карантин енгізілгені хабарланған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Поделиться ссылкой
О том, как поделиться

Мы в социальных сетях