Трамп Тоқаевқа жеделхат жолдады

АҚШ-тың қазіргі басшысы Дональд Трамп Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтау жеделхатын жолдады. Ол Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
E-GAZET.KZ. Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамп Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына құттықтау жеделхатын жолдады.
Жеделхатта Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты және барша халқымызды ел тәуелсіздігінің 29 жылдығымен шын жүректен құттықтай отырып, Қазақстанның Орталық Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау және өркендеу жолында отыз жылға жуық уақыт көш бастап келе жатқанын Президентпен бірге атап өтуге қуанышты екенін жеткізген.
"Биылғы жыл бұған дейін бұрын-соңды болмаған жаһандық сынақтарды алдымызға тосты. Бірақ біздің серіктестігіміз бұл сынаққа төтеп берді. Кеңейтілген стратегиялық серіктестігіміздің шеңберінде біз COVID-19 пандемиясымен күрестегі ынтымақтастығымыздың барлық бағыттарында оң нәтижеге қол жеткіздік. Америка халқының атынан Қазақстан халқына алдағы жылы денсаулық пен бақ-береке тілеймін", - делінген АҚШ Президентінің жеделхатында.
МАЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!
БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!
Өзге де өзекті мақалалар:
- РФМД депутаты: Ресей Қазақстаннан жерді беруді талап етуі керек
- Тоқаев келесі жылдың басында жарияланатын жаңа реформалар туралы айтты
- Жастарға жағымпаздықты үйреттік. Ертең билікке популист балалар келеді
- Қазақстан Қарашығанақ консорциумынан 1,3 миллиард доллар алды
- Башқұртстанда қоршаудан өтпек болған әйел адам қыстырылып, суықтан қатып өлген
- Қарағанды облысында жолаушылар автобусы аударылды
- РФ Мемлекеттік Думасы Никоновтың Қазақстанға қатысты айтқан сөзіне түсініктеме берді
- "Солтүстік Қазақстан - қазақ жері!". Ресей елшілігі қақпасына осындай жазуы бар плакат ілінді