Ұят: шенеуніктердің қара тізімі жасалмақ

Июль 14, 2020 | 74 |

Қазақстанда адам құқығын өрескел бұзатын шенеуніктердің қара тізімі жасалмақ. Мұндай бастаманы кәсіпкер және құқыққорғаушы Барлық Меңдіғазиев көтерді деп хабарлайды kaztag.kz агенттігі.

«Қазақстандағы адам құқығын қорғайтын Freedom Kazakhstan қорының басты міндеттері: 1. Барлық жандарға, саяси тұтқындарға, саяси қуғын-сүргін көргендердің саяси ұстанымы мен қолдаған партиясына, қозғалысына қарамастан мақсатты түрде қаржылық және құқықтық көмек көрсету. 2. Қазақстандағы адам құқығын өрескел бұзатын мемлекеттік қызметкерлер мен шенеуніктердің қара тізімін жасақтау», –деп мәлімдеген Меңдіғазиев Freedom Kazakhstan қорының құрылмағын хабарлаған.

Оның айтуынша, қор коммерциялық істермен айналыспайды және мемлекетке бағынышты болмайды. Жеке меценат-кәсіпкерлер мен жеке азаматтардың ерікті көмегімен жұмыс істемек.

«Сондай-ақ, бұл қорда жеке бастық болмайды. Шешімді тек қор кеңесі қабылдайды. Барлық ақпарат ашық әрі жариялы болады. Бұл қордық жұмысы уақытша. Елімізде азаматтық қоғам мен демократия орнаған күні адам құқығын қорғайтын Freedom Kazakhstan қоры өз жұмысын тоқтатады», -депті бастама көтеруші белсенді.

Меңдіғазиев қор жарнасына 50 мың доллар аударғанын да айта кетіпті. Саяси сүргін мен қуғын көргендерге көмек көрсетуге қажетті қолдаудың бұл  алғашқысы да, соңғысы да емес дейді кәсіпкер.

«Не үшін осындай бастама көтеріп, азаматтық белсенділік танытып отырмын? Меніңше Қазақстан халқы экономикадағы, әлеуметтік саладағы және саясаттағы берекесіздікке белгілі бір дәрежеде жауапты. Өйткені Назарбаевтың билігіндегі 30 жылда халық енжар болды. Енді алдағы күндердегі енжарлық бүкіл елді экономикалық қана емес мәдени тоқырауға ұшыратады»-депті Меңдіғазиев.

 

Поделиться ссылкой
О том, как поделиться

Мы в социальных сетях