• Басты бет
  • Өзекті
  • Үкіметтегілер 14 желтоқсаннан бастап өңірлердің карантинге жабылатыны туралы хабарламаға пікір білдірді

Үкіметтегілер 14 желтоқсаннан бастап өңірлердің карантинге жабылатыны туралы хабарламаға пікір білдірді

Желтоқсан 10, 2020 | 380 |

Қазақстандықтар мессенджерлерде елдің кей өңірінде 14 желтоқсаннан бастап карантин енгізіліп, блокбекеттер қойылатыны туралы жалған ақпаратты бөлісіп жатыр , - деп хабарлайды Stopfake.kz.

E-GAZET.KZ. Хабарлама ҚР премьер-министрінің атынан облыс әкімдеріне жолданған құжаттың фотосуреті түрінде тарап жатыр.

Алайда премьер-министрдің баспасөз қызметі бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды.

"Бұл хабарлама шындыққа жанаспайды, құжаттың фотосуреті  фейк. Қазақстанның аймақтары мен қалаларында блокбекеттер орнатып, 14 желтоқсаннан бастап қозғалысты шектей отырып, қатаң локдаун енгізу жоспарда жоқ. Қазақстандықтарды ресми дереккөздерден алынған ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: