Жаңа жылдан кейін алматылық оқушылар мектепке орала ма - Бекшин жауап берді

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мектеп оқушылары жаңа жылдан соң білім алудың бұрынғы форматына оралатын-оралмайтынына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.
E-GAZET.KZ. Алматы қаласындағы коронавирус инфекциясының (COVID-19) қолайсыз эпидемиологиялық жағдайына байланысты қаласы тұрғындары арасында, оның ішінде білім беру ұйымдарының оқушылары арасында инфекцияның таралмауын болдырмау мақсатында, Алматы қаласының аумағында шектеу шаралары жүргізіліп жатыр.
- Бүгінгі күні дәстүрлі форматта оқыту 300 оқушыға дейінгі контингенті бар қалалық мектептерде, балалар саны 15 адамға дейінгі кезекші сыныптарға рұқсат етіледі; қалалық мектептерде кезекші сыныптар 1-ден 5-ке дейінгі сыныптарда, халықаралық мектептерде - ата-аналарының қалауы бойынша, 7-сыныпқа дейін рұқсат етілген, онда да 15 баладан аспау ескертуін ескере отырып оқыту. Алматы қаласында коронавирус инфекциясының эпидемиологиялық жағдайына байланысты карантиндік шараларды жұмсарту немесе қатаңдату туралы шешімді Алматы қаласындағы бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қазақстан Республикасы аумағында коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімі негізінде қабылдайды. Мектептердегі сыныптардағы оқудың кезең-кезеңімен жаңғыртылуы туралы ақпарат алдын ала ресми веб-ресурстарда орналастырылатын болады, - деді Бекшин.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!
БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!
Өзге де өзекті мақалалар:
- Қазақстан 1,5 миллиард еуро қарыз алады: Парламент келісімдерді ратификациялады
- Нұр-Сұлтан қаласы "қызыл" аймаққа өтті
- Түркия коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаны сатып алмайтын болды
- Головкиннің қарсыласы ерекше мәлімдеме жасады
- Қызылорда облысында көлден 4 адамның денесі табылды
- Apple жаңа AirPods Max құлаққаптарын көрсетті
- Әлемдегі ең биік шың Эверест 90 сантиметрге тағы биік болды
- "Қазгидромет" ауасы ең қауіпті қалаларды анықады
- Алматы "сары" аймаққа оралды
- Атырау қаласы қайта карантинге жабыла ма?