20 жастағы қазақстандық ауыр атлет Илья Ильиннің рекордын жаңартты
Қараша 29, 2020 |
477 |

Қарағанды облысының тумасы, ауыр атлет Артем Антропов жұлқа көтеру бойынша Қазақстанда жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды ҚР Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі.
E-GAZET.KZ. Қазақстан чемпионатында 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Антропов 216 келіні көтерді. Нәтижесінде ол 373 (157+216) келі жинап, алтын алды.
Жұлқа көтеру бойынша бұрынғы рекорд Илья Ильинге тиесілі болған.
Бұл салмақта 305 (135+170) келі нәтижесімен Рахат Бекболат (Қызылорда облысы) екінші орын алды. Ал үшінші 257 (115+142) келімен Алексей Литвченко (Қарағанды облысы) болды.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!
БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!