2020 жылдың ең танымал фильмдері аталды - Google нұсқасы

Желтоқсан 16, 2020 | 294 |

Google 2020 жылдың ең танымал фильмдерінің тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

E-GAZET.KZ. Үздік ондықтың көшін оңтүстіккореялық "Паразиты" фильмі бастады. Картина "Үздік фильм" номинациясында "Оскар" сыйлығын алғаш рет иеленген оңтүстіккореялық фильм болып саналады.

Екінші орынды ұлыбританиялық режиссер Сэм Мендестің "1917" фильмі алды. Картинаның ерекшелігі үздіксіз планында, фильмде екі рет қана план ауысқандай монтаждалған. Ол 3 рет "Оскар" алған болатын, оның ішінде "Үздік операторлық жұмыс" номинациясы бойынша.

Үшінші орынды Стэн Ли Мен және Джек Кирбидің комикстері негізінде түсірілген "Черная пантера" иеленді. Басты рольде ойнаған актер Чадвик Боузман ауырып қайтыс болған еді. Интернет қолданушылары оның есімін Google-ден жиі іздеген. Бұл ең танымал іздеудің ондығына кірді.

Үздік бестікті поляктың эротикалық фильмі "365 дней" мен "Заражение" фильмі қорытындылады.

Сонымен қатар, үздік ондыққа "Довод", "Энола Холмс", "Хищные птицы: Потрясающая история Харли Квинн", "Мулан" және "Кролик Джоджо" фильмдері енді.

МАЫЗДЫ АҚПАРАТТРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: