Айгүл Иманбаеваның тұрмысқа шығайын деп жатқаны рас па?

Қыркүйек 15, 2020 | 148 |

Отандық танымал актриса әрі әнші Айгүл Иманбаева бейтаныс азаматпен түскен фотосын жариялап, интернет желісін шулатты. Көпшілік өнер иесінің суретін қызу талқылап, оның жақын арада тұрмысқа шығатынын болжап тастады. Бірнеше күн бойы бұл мәселеге қатысты үнсіздік сақтаған өнер иесі ақыры мән-жайды айтып, қауесеттерге нүкте қойды деп жазады KAZ.NUR.KZ

E-GAZET.KZ: Айгүл Иманбаева Instagram парақшасында белгісіз ер адаммен фотосын жүктеймін деп елдің сөзіне қалды. Желі қолданушылары актрисаның қасындағы адамды оның сүйіктісі деп топшылап, тойдың ауылы алыс емес екенін болжады.

Бірақ орын алған қызу талқыға қарамастан эстрада жұлдызы суреттегі азаматтың өзіне кім болып келетінін айтуға асыққан жоқ. Ол арада тек бір апта өткен соң ғана көпті қызықтырған сұраққа жауап беріп, жеке өміріне қатысты қауесеттерге нүкте қойды.

Белгілі болғандай, фотодағы ер адам Иманбаеваның ғашығы емес, әріптесі болып шықты.

"Бір аптадан бері әлеуметтік желіде "Айгүл тұрмысқа шықты" деген жалған ақпарат желдей есіп жүр. Оған себеп болған менің өз парақшама бірге оқыған курстасым, 27 жыл Өнер айдынында бірге келе жатқан әріптесім, актер, Өнер Университетіндегі А.И Шеберханасының кураторы, мастері Бағлан Иманғазиновпен бірге түскен фотом

Менің бір түсінбегенім, салған фотоның астына (бізде осындай фото бар) деген сөзден басқа артық ақпарат жазған жоқпын. Шәкірттеріміз түсірген әдемі фото болған соң, салған едім. Мен өзімнің жеке өмірімді ешқашан әлеуметтік желіде бөліскен емеспін және бөліспеймінде. Себебі, ол жеке өмір. Жалпы мен ақталуға тиісті емеспін.Және парақша менікі, қандай фото салам, қандай сөз жазам оны өзім білемін.

Шығармашылық адамның парақшасыда өзгелерден басқаша болуда керек. Ал ойды әркім өресіне қарай түйеді. Ал ылғи менің Бақытты болғанымды тілеп отыратын оқырмандарыма, қашанда жақсы тілек жазғандарыңызға мың алғыс. Аумин, көптің тілеуі көл деген айтқандарыңыз келсін" , - деп жазды Иманбаева.

 

 

 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: