Айсұлтан Назарбаевтың бұған дейін шықпаған суреттерін ағасы көрсетті

Тамыз 21, 2020 | 615 |

Дариға Назарбаеваның тұңғыш ұлы Нұрәлі Әлиев дүниеден өткен бауыры Айсұлтан Назарбаевтың фотоларын өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Әлиев алдымен інісінің Ұлыбританиядағы корольдік әскери академиясын оқыған кездегі суреттерін салған. Ол жерде Айсұлтанның группаластарымен бірге түскен фотосын, Қазақстанның және академияның формасын киіп тұрған сәтін, сондай-ақ, әскери жаттығуларға қатысқан суретін көруге болады. Ал тағы бір фотода Айсұлтан Назарбаев қару-жарақ ұстап тұр. Ол осы академияны 2010 жылы тәмамдаған. 

Бір сағаттан кейін Нұрәлі Әлиев бауырымен бірге бала кезінде түскен фотоларымен бөлісті.




Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: