Әнші Қуандық Рахымның қайынжұрты да айыппұл төлейтін болды

Қазан 21, 2020 | 154 |

 

Түркістан облысында карантин талаптарына байланысты күнделікті рейд ұйымдастырылып, ережені ескермегендерге жаппай айыппұл салынып жатыр. Өңірдегі тойхана, мейрамхана, дәмханаларда тығылып түрлі отбасылық жиындар өткізіп жатқаны анықталды.

E-GAZET.KZ.   Айыппұлды эстрада жұлдызы Қуандық Рахымның қайынжұрты да төлейтін болды. Отырар ауданының Шәуілдір ауылында қыз ұзату тойы өтіп, оған әншінің жарының туған-туыстары мен ауылдастары жиналған. «Аталған ауданда құрылған мобильдік топ осы жайтқа қатысты тұрғынға ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы «Халықтың санитарлық эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша хаттама толтырған. Той жасаушы тұрғынға 83 340 теңге көлемінде айыппұл салынды», делінген хабарламада. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Шымкент-Жетісай тас жолының бойында орналасқан мейрамхана иесі тойханада «бесік той» рәсімін өткізген. Сарыағаш ауданының тағы бір тұрғыны дәмхананы жалға алып, құда күткен.

Сондай-ақ мобильді топ Құркелес ауылдық округінде орналасқан тойхананың біреуі жұмыс істеп жатқанын анықтады. Аудан орталығындағы мейрамханалардың бірінде 2 тұсау кесер өткізілген. Еске сала кетсек, Жезқазғандағы мейрамханаға жұлдыздарды шақырып, үйлену тойын жасаған Қуандық Рахым айыппұл төлейді. Мерекеге 70-тен астам адам жиналған. Олардың арасында Төреғали Төреәлі, Дидар Қамиев, Нұрболат Абдуллин және басқалары болған.

Өзге де соңғы жаңалықтар Telegram желісінде, бізге жазыл! 

 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: