Аргентиналықтар бір көшесін Абайдың атымен атайтын болды

Қазақстанның Тәуелсіздігі күніне орай Аргентинада Абай көшесі пайда болды. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
E-GAZET.KZ. Azattyq-ruhy.kz-тің мәліметінше, Аргентинадағы Росарио қалалалық муниципалдық кеңесінің №10.126 қаулысымен қала көшелерінің біріне, атап айтқанда Сан Фернандо жаңа ауданыңда қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдық аясында ақынның есімі берілген.
«Қалалық кеңес төрағасының орынбасары Агапито Бланка өз мәлімдемесінде Абайдың қазақ халқы мен әлемдік мәдениет тарихындағы маңызды рөлін атап өтіп, қазақ ойшылының есімін қала көшелерінің біріне беру туралы шешімді кеңестің барлық мүшелері бірауыздан қолдағанын айтты. Сондай-ақ бұл аргентиналықтардың Қазақстанмен өзара іс-қимылды дамытуға бейілділігін және 2019 жылғы желтоқсанда жасалған Росарио мен Алматы арасындағы бауырлас қатынастарды куәландыратынын жеткізді», - делінген хабарламада.
16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 29 жылдығына орай Росариода орналасқан Аргентина туының Ұлттық мемориалдық кешенінде Қазақстанның Мемлекеттік Туы кезекті рет көтерілді.
МАЫЗДЫ АҚПАРАТТРДАН ҚҰР ҚАЛМА!
БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!
Өзге де өзекті мақалалар:
- Соңғы тәулікте қанша адамнан пневмония анықталды?
- Елдің жеті өңірінде дауылды ескерту жарияланды
- 2020 жылдың ең танымал фильмдері аталды - Google нұсқасы
- Ресейлік тарихшы дума депутаттарының даулы мәлімдемесін жоққа шығарды
- 104 жастағы бұрынғы дәрігер 9 мың баланың әкесі атанды
- Бүгін – Тәуелсіздік күні
- Головкин мен Роналдудың бірге жаттыққан сәтінің видеосы пайда болды
- Олимпиада ойындары тағы да кейінге шегерілуі мүмкін
- Ұлыбританияда Шымкент туралы кітап жарыққа шықты
- "Қызыл" аймақтағы Нұр-Сұлтанға қатысты бас санитарлық дәрігер мәлімдеме жасады
- Алматы тауларында табылған ер адам қайтыс болды