Асхат Садырбай: Ерке туралы, онымен қатынасым туралы айтқым да, еске алғым да келмейді

Қыркүйек 17, 2020 | 139 |

Тележүргізуші, журналист Асхат Садырбай Рейтинг.кз бағдарламасында қазіргі жұмысы мен өзін алаңдатқан кей мәселелерге тоқталды. Қоғамдық, саяси мәселелерге белсене кіріскен тележүргізуші өз қадамын түсіндірді. Жеке өмірі жайлы көпке мәлімдегісі келмейді. Мүмкіндігінше отбасы туралы тақырыптан аулақ болуға тырысады.

"Қазір мені жоғалтып алған көрермен көп. Біздің телеарнадағы жобаларымыз тоқтады. Бірақ қанша жаңа жобалар ұсынып жатырмыз. Оны қабылдамай қояды не жауапсыз қалады. Ертесі өздері сол жобаны шығарады немесе журналистикаға қатысы жоқ басқа компаниялардың жасап жатқанын көреміз. Біздің қазіргі телеарналардың жұмысында даму жоқ. Көп бағдарлама шетелдің көшірмесі. Жаңа идея жоқ. Бұл көрерменді жалықтырып жібереді", - деді тележүргізуші. 

Асхат Садырбайдың телевизиядан бөлек баспасөз әлеміне көңілі толмайды. Сары басылымның қазір де, кейін де сұранысы арта беретінін атады. 

"Бізде газетті ешкім оқымайтын болды. Оны әлеуметтік желіден деп жатады. Оқырман желіге ауысып кетті деп ақталады. Бірақ шетелде де желі бар ғой. Оларда да смартфон бар. Олар да желіде отырады. Бірақ газет оқуды қойған жоқ. Түркияда газет өлген жоқ. Неге бізде жаппай бәрі әлеуметтік желіде уақыт өткізеді. Бұл газет жұмысының дұрыс жүрмеуінен. Оқырманды тарта алмауы себепті де ойлаймын", - деді ол.

Асхат Садырбайдың Еркемен қатынасы, екінші жарымен ажырасуы жайлы желіде көп жазылды. Алайда тележүргізушінің өзі жеке өміріне қатысты ақпаратқа жауап бергісі келмейді. 

"Мен Ерке болсын, жалпы жеке өміріме қатысты ақпаратты жария еткім келмейді. Бұрынғы қатынас туралы айтқым да, жазғым да келмейді. Талай рет айылды. Әр кезде бір тақырыпты қозғаудың түк керегі жоқ. Оған ниетім де жоқ. Сондықтан басқа тақырып қызығырақ", - деді ол.

Тележүргізуші желіде өзіне жазылған жаман пікірлерді өшіріп отырады. Себебі ата-анасының, жақындарыныңың көңіліне алаңдайды. Ал, қоғамдық жайттарды көтеріп, талқыға салуға әрқашан дайын екенін жеткізді. 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: