Баян Алагөзова: «Қатын» деген сөз менің жыныма тиеді

Қазан 14, 2020 | 2963 |

Продюсер өзінің жас көрінуінің құпиясымен бөліскен.

E-GAZET.KZ.   «БАБА және ҚАТЫН деген сөздер менің жыныма тиеді. Мен оларды ешқашан өзіме де, басқаларға да қатысты қолданбаймын. Олар әйел адамдарды қорлайды деп есептеймін. Баба деген жасынан бұрын қартайып кеткен, өзінің әйел екенін ұмытқан адам.

Маған барлығы тарту, керу, ине салу, шаншу секілді бетке арналған күрделі процедураларды қоланып жасарасыз деп жиі жазады.

Біздің қоғамда 40 жастан асқан әйел сұлулығын сақтай алмайды деген қорқынышты және түсініксіз стероетиптер қалыптасқан. Қымбатты әйелдер қауымы, сіздерге жай ғана жауап берейін: мен бетіме ине салдырып, кесіп, тіпті тарқан емеспін (мүмкін, 10 жылдан кейін бұндай әдістерді қолданатын да шығармын).

Мен өзіме бұрыннан бері, 20 жасымнан күтім жасаймын. Косметологтарға жиі барамын, өсек айтпаймын, бұл әлемді жақсы көремін, көрінген нәрсені жемеймін, біреудің өмірін талқыламаймын. Бұл кез келген жаста керемет сұлу көрінудің құпиясы.  Мен ешқашан өзімнің қаншада екенімді жасырған емеспін, мен 46-дамын», — деп жазды Баян.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: