Экс-денсаулық сақтау министрі ұсталды

Қыркүйек 16, 2020 | 120 |

15 қыркүйекте Қырғызстанның денсаулық сақтау министрі болған Космосбек Чолпонбаев ұсталды.

Бұл жөнінде елдің қаржы полициясының баспасөз қызметі хабарлады.

Ресми мәлімет бойынша, оған қызметін асыра пайдаланды, жұмысына салғырттық танытты деген айып тағылған. Жалпы ел қазынасына 9 миллион сом шығын келтіргені айтылған.

Қалған мәліметтер тергеу құпиялығына байланысты жарияланбады.

Экс-министрдің ұлы Эркин Чолпонбаев әкесінің ұсталғанын растады.

Биыл шілде айында Космосбек Чолпонбаевты арнайы қызмет өкілдері тергеуге шақырған.

31 наурызда ел президенті Жээнбеков денсаулық сақтау министрлігі мен COVID-19 вирусына қарсы күрес республикалық штабының жұмысын сынға алған. Осыдан кейін Космосбек Чолпонбаев қызметінен алынып, оның орнына елдің вице-премьер-министрі Алтынай Омурбекова тағайындалған.

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: